"КазТрансОйл" АҚ өндірістік объектілердің сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету аясындағы жұмыстар барысы туралы хабарлайды

04.11.19 14:53
/KASE, 04.11.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 22 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілердің сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету аясында магистральдық мұнай құбырларының 1 105 құбыр ақауларын жойды. Жөнделуге тиісті бұл ақаулар «Жаңажол-Кеңқияқ», «Әлібекмола-Кеңқияқ», «Кеңкияқ-Орск», «Өзен-АтырауСамара», «Мартыши-Атырау», «Т.Қасымов ат. МАС - «663км» МАС - АМӨЗ», «663км» МАС - АМӨЗ», «Комсомол – Мақат», «Прорва-Құлсары», «МАС-3-Қосшағыл», «Өзен - Жетібай – Ақтау» (2-тарау), «Қаламқас - Қаражанбас – Ақтау», «Солтүстік Бұзашы – Қаражанбас», «Құмкөл-Қарақойын» Ф530мм, «Құмкөл-Қарақойын» Ф720мм, «Құмкөл-Қарақойын» Ф820мм, «Павлодар-Шымкент», «Омбы-Павлодар» магистральдық мұнай құбырларының учаскелерін 2014-2018 жылдары құбырішілік диагностикалау кезінде анықталған. «Атап айтқанда, екі жердегі ақаулы сегменттер кесіліп, «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Павлодар» бас мұнай айдау станциясы (БМАС) – «Атасу» БМАС учаскесінде мұнай құбырының желілік ысырмасы ауыстырылды. Сондай-ақ, уақытша жөндеу құрылымы кесіліп, «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Атасу» БМАС - Б.Жұмағалиев ат. БМАС технологиялық учаскесінде вантузды ысырма тоқтатылды, - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов. Ол сонымен қатар, Шымкент мұнай өңдеу зауытына мұнай тасымалданатын «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырын тексеру нәтижесінде «ШолақҚорған» БМАС - «ПетроКазахстан Ойл Продактс» қабылдау-тапсыру пунктінде майысқан жерлерді атап өтті. Деформациялар қиын бедерлі аумаққа жататын мұнай құбырының учаскесінде топырақтың қозғалуына байланысты пайда болды. «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 4 жеріндеге майысқандар кесіліп тасталды. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_041119_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-11-04]