28 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* индикаторлар сериясының өкілетті тізімінен "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00004471 (KAFIb8) облигацияларын, айналыс мерзімі аяқталуына байланысты, шығарды

28.10.19 16:29
/KASE, 28.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 28 қазанынан бастап негізгі сауда-саттық алаңының корпоративтік облигациялардың индикаторын (KASE_BM* ериясы) есептеуден "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00004471 (KAFIb8) облигацияларын, айналыс мерзімі аяқталуына байланысты, шығарды (28 қазан – өтеу кезіндегі тізілімді тиянақтау датасы). 2019 жылдың 28 қазанынан бастап KASE_BM* индикаторлар сериясының өкілетті тізімі 31 атаудағы облигациялардан тұрады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған сыйақысын есепке алмағандағы бағалары ("таза" баға) бойынша есептелетін, корпоративтік облигациялардың бағалар индексі. Аталмыш индикатор Қазақстан қор биржасында күніне бір рет корпоративтік облигациялардың сауда-саттықтарының қорытындысы бойынша есептеледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2019-10-28]