ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

22.10.19 15:12
/KASE, 22.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, ВТБ Банкі (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C57060010 жай акцияларының жалпы саны 2 995 700 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ВТБ Банкi" КАҚ (Мәскеу) болып табылады. [2019-10-22]