Бүгін Қазақстан қор биржасында Халықаралық қаржы корпорациясы XS2069962343 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

22.10.19 11:07
/KASE, 22.10.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) KASE сауда-саттық жүйесінде Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізудің сатушысы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болады. Орналастырылатын ноттардың номиналдық көлемі – 15 000 000 теңге. Баға ретінде өтінімде үтірден кейінгі екінші белгіге дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілген, өтеу кірістілігі көрсетілуі тиіс. Нарықтық өтінімдер жағдайында баға ретінде нарық бойынша кірістілігі көрсетіледі. Өтінімде қаржы құралдарының саны ретінде теңгемен номиналдық көлемі көрсетілуі тиіс. Минималды лот – 1 000 теңге. Сатып алушылар үшін шектеу берілген өтінімдегі максималды саны жазылым шарттарымен анықталмаған. Жазылым аясында өтінімдер 2019 жылдың 22 қазанында алматы уақытымен (ALT) сағат 11:00-ден 16:30-ға дейін қабылданады. Жазылым аясында сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектеулі және нарықтық өтінімдер қабылданады. Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәржесі – 30 %. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдерді ұсыну датасы – 2019 жылдың 22 қазаны 17:30 ALT; Сатушының бирғаға қанағаттандырылған өтінімдердің тізілімін беру датасы – 2019 жылдың 22 қазаны 18:30 ALT; есеп айырысулар датасы – 2019 жылдың 28 қазаны. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырылады. Жазылымға қатысу туралы өтінімдер тек "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Осы жазылымды өткізудің шарттарына сәйкес, аталмыш облигациялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаны атауы кіреді. Жазылым жүргізудің ережелері KASE интернет-сайтында жарияланған http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf [2019-10-22]