2019 жылдың 21 қарашасында "Казхром" трансұлттық компаниясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

21.10.19 11:22
/KASE, 21.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казхром" трансұлттық компаниясы" АҚ (Ақтөбе), 2019 жылдың 21 қарашасында сағат 12:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе мүдделі ірі мәмілеге өзгерту енгізу мәселесі болып табылады. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/KZCR/kzcr_special_shareholders_meeting_info_211119_5673.pdf [2019-10-21]