KASE Басқармасы Халықаралық қаржы корпорациясы жоспарланған халықаралық облигациялары шығарылымына KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілуіне келісім берді

18.10.19 16:55
/KASE, 18.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 18 қазанындағы шешімімен Халықаралық қаржы корпорациясы облигациялық бағдарламасы аясында шығарылған, халықаралық облигациялары шығарылымы KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Аталмыш облигацияларды енгізу бастамашысы "Tengri Capital MB" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш шешім "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5 қосымшасының 2 тарауы 2 тармағы 1) тармақшасы шарттарын орындағаннан кейін күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында KASE Басқармасының аталмыш шешімі күшіне енген соң жарияланады. [2019-10-18]