"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.10.19 15:58
/KASE, 18.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C57040012 жай акцияларының жалпы саны 3 500 000 000 дана; - компанияның 3 481 956 769 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ болып табылады. [2019-10-18]