KASE Басқармасы SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF US78468R6633 (US_BIL_) акцияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" санаты бойынша ресми тізіміне енгіу туралы шешім қабылдады

18.10.19 10:32
/KASE, 18.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 17 қазанындағы шешімімен " SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF US78468R6633 акцияларын KASE ресми тізімінің "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Аталмыш акцияларды іске қосу бастамашысы "NGDEM Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енетін күні туралы "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.3 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындалған соң қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға US_BIL_ белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш акциялар Intercontinental Exchange, Inc. (ICE) құрамына кіретін және (World Federation of Exchanges) Бүкіләлемдік Биржалар федерациясының толық мүшесі болып табылатын, New York Stock Exchange (NYSE) ресми тізімінде орналасқан. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы қосымша ақпарат Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланды. [2019-10-18]