2019 жылдың 04 желтоқсанында "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

17.10.19 15:35
/KASE, 17.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың 04 желтоқсанында сырттай дауыс беру арқылы өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: - акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - компанияның 2019 жылға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымын анықтау туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/KZAP/kzap_special_shareholders_meeting_info_041219_1019.docx [2019-10-17]