2019 жылдың 15 қарашасында "Ақтөбе мұнай жабдықтары заводы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

17.10.19 12:39
/KASE, 17.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ақтөбе мұнай жабдықтары заводы" АҚ (Ақтөбе), 2019 жылдың 15 қарашасында сағат 10:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: - компанияның Директорлар кеңесінің құрамын анықтау туралы; - компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өздерінің міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы көлемі мен төлем ашрттарын анықтау туралы; - компанияның 2019 жылға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымын анықтау туралы Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/AZNO/azno_special_shareholders_meeting_info_151119_1019.PDF [2019-10-17]