"АК Алтыналмас" АҚ Жамбыл облысында әк тасты өндіруге келісім-шарт жасағаны туралы хабарлады

17.10.19 11:44
/KASE, 17.10.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 03 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Құзіретті орган) және Қоғам (жер қойнауын пайдаланушы) арасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы №1 әк тасты өндіруге келісім- шарт жасағаны туралы хабарлады. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_contracts_minerals_111019_1638.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-10-17]