2019 жылдың 16 қазанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) және KZ2C00003465 (FAGRb2) облигациялардың айналым мерзімі мен сыйақы мөлшерлемесі өзгертілді

16.10.19 12:59
/KASE, 16.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 16 қазынанын бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен мәліметтер базасында "Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) облигациялары бойынша ақпараттар өзгертілді. KZ2C00002962 облигациялары бойынша (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, FAGRb1; 1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 30.12.14 – 30.12.19; жартыжылдық купон 8,50 %, жылдық; 30/360): - сыйақы мөлшерлемесі көлемі жылдық 8,50 % -дан 10,07 % -ға өзгертілді; - айналым мерзімі айналым басталған күннен бастап, бес жылдан 11 жыл 3 айға өзгертілді. KZ2C00003465 облигациялары бойынша (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, FAGRb2; 1 000 теңге, 9,0 млрд теңге, 21.10.15 – 21.10.20, жартыжылдық купон 8,00 %, жылдық, 30/360): - сыйақы мөлшерлемесі көлемі жылдық 8,00 % -дан 10,07 % -ға өзгертілді; - айналым мерзімі айналым басталған күннен бастап, бес жылдан 10 жыл 6 айға өзгертілді. 2019 жылдың 16 қазанынан бастап Қазақстан қор биржасында аталмыш облигациялармен 2019 жылдың 12 қыркүйегінен бастап сауда-саттық тоқтатылды. При этом решением Правления KASE с 16 октября облигации KZ2C00002962 (FAGRb1) переведены в режим торговли в "грязных" ценах в процентах от номинала. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінінде 2019 жылдың 04 қазанында тіркелген аталмыш облигациялардың шығарылымына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланған: - http://kase.kz/files/emitters/FAGR/fagrf9_FAGRb1%20_izm_041019.pdf - http://kase.kz/files/emitters/FAGR/fagrf9_FAGRb2%20_izm_041019.pdf [2019-10-16]