"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі Қызылорда қаласындағы "Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар" атты экологиялық жобасына қолдау көрсетті

15.10.19 11:49
/KASE, 03.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 15 қазанындағы баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы БҰҰДБ/ЖЭҚ «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» бағдарламасы аясында Сбербанк Қазақстан және «Даму» Қоры экологиялық жобаға қолдау көрсетті, ол парник газдарының бөлінуін айтарлықтай төмендету мақсатында Қызылорда қаласының инфрақұрылымында төмен көміртекті бағдарламаларды жасап шығаруға және іске асыруға бағытталған. Бұл маңызды жобаны «СМП Кызылорда» ЖШС жүзеге асыратын болады. Компания «От жағу орындарын модернизациялау және сервистік қызмет көрсету» жобасы бойынша шарт жасасты, оның аясында кәсіпорын Қызылорда облысы Шиелі ауданынағы жеті орта мектептің, «Арман» мәдениет үйінің жылыту жүйелерін модернизациялауды жауапкешілігіне алды. «Үлкен жолды жүріп өтіп, біздің компания біртіндеп тұрақты, табысты, құрылу және құрылыс саласында даму бойынша тарихы бай кәсіпорынға айналды. Өткен жылдың соңында біз «Қызылорда қаласының мемлекеттік мекемелерінің от жағу орындарын модернизациялау және сервистік қызмет көрсету» жобасы бойынша Мемлекеттік-жеке серіктестік шартын жасастық. Осы экологиялық жобаны сәтті іске асыру үшін біз қосымша қаржыландыру тартуға шешім қабылдадық», - деп баяндады «СМП Кызылорда» ЖШС директоры Темирхан Алимкулов. «Даму» Қорының Қызылордадағы филиалының қызметкерлері компанияға БҰҰДБ/ЖЭҚ, Қазақстан Республикасы үкіметінің және «Даму» Қорының «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» атты бірлескен жобасы аясында субсидия алу мүмкіндігін ұсынған. Жобаны іске асыру мақсатында кәсіпорын Сбербанк Қазақстанға жүгінген, мұнда ұсынылған бизнес-жоспар мақұлданып, 130 млн. теңге мөлшерінде қажетті қаржылық көмекті алды. Жеңілдікпен кредиттеудің арқасында компания әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының от жағу қондырғыларын экологиялық қауіпсіздік талаптарымен сәйкестікке келтірді және жабдықтың техникалық және пайдалану жағдайын оны экологиялық таза табиғи газды пайдалануға көшірудің арқасында жақсартты. «Төмен көміртекті даму үшін тұрақты қалалар» жобасы қаланы дамытудың мүлдем өзге үлгісіне көшуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны сатылы іске асыру қала атмосферасының көмірқышқыл және өзге парник газдармен ластануын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан, біз Қызылорда облысының экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосқанымызға қуаныштымыз», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Қызылорда қ. филиалының директоры Кайрат Джусаруб. цитата соңы [2019-10-15]