"Казбургаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.10.19 16:06
/KASE, 14.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казбургаз" АҚ (Ақсай, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C26840013 жай акцияларының жалпы саны 970 812 дана, артықшылықты акциялар саны – 17 045 дана; - компанияның 939 332 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ИНТЕРИНЖ-АЛМАТЫ" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 939 332 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 98,22%) бар. [2019-10-14]