2019 жылдың 15 қазанынан бастап МБҚ себетімен валюталық своп және репо операциялары бойынша қосымша сауда-саттық сессиясы іске қосылатынына байланысты KASE ішкі құжаттарына енгізілген бір қатар түзетулер қолданысқа енгізіледі

14.10.19 12:38
/KASE, 14.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 15 қазанынан бастап KASE келесі ішкі құжаттарына келесідей түзетулер қолданысқа енгізіледі: - "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін және олардың шоттарын, қаржы құралдарын және олардың эмитенттерін кодтау тәртібі туралы нұсқаулыққа № 6 өзгертулер мен толықтырулар; - Сауда-саттық регламенті және растау жүйесінің жұмысына № 6 өзгертулер мен толықтырулар; - Автоматты репо нарығының маманданымына № 14 толықтыру; - Валюталық своп операцияларының маманданымына № 4 өзгерту; - Клирингілік жүйенің жұмыс регламентіне № 3 өзгертулер мен толықтырулар; - Шетел валюталарының сауда-саттықтары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелеріне № 5 өзгертулер. Аталмыш түзетулер МБҚ себетімен валюталық своп және репо операциялары бойынша қосымша сауда-саттық сессиясы іске қосылатынына байланысты KASE ішкі құжаттарына енгізілген. Жоғарыда аталмыш құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- сайтында "KASE ережелері" бөлімінде жарияланады – http://kase.kz/ru/kase_rules/ [2019-10-14]