"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 2019 жылдың шілде-қыркүйек айларына "ЦентрКредит – Валюталық" ИПИҚ KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларын ұстаушыларына дивиденд төлегені туралы хабарлады

14.10.19 10:55
/KASE, 14.10.19/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит – Валюталық" инвестициялық пайлық интервалдық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (KZPF00000058, BCCI_cc) 2019 жылдың 09 қазанында пайларын ұстаушыларына 2019 жылдың 01 шілдесіен 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде дивиденд төлегені туралы хабарлады. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес төленген сома 675 214,51 АҚШ долларын құрады, пайларды ұстаушылар тізілімін тиянақтау күні – 2019 жылдың 30 қыркүйегі. [2019-10-14]