10 қазаннан бастап Украина Қаржы министрлігінің XS1902171757 (UA_01_2811) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

09.10.19 17:53
/KASE, 09.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 10 қазаннан бастап Украина Қаржы министрлігінің XS1902171757 халықаралық облигациялары ($1 000, $1,6 млрд; 01.11.18 – 01.11.28; жартыжылдық купон, жылдық 9,75 %; 30/360) KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигацилардың рұқсаттама бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Негізгі биржа Irish Stock Exchange болып табылады. Облигацияларға UA_01_2811 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылуы туралы KASE қосымша жарияланады. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта жарияланды. [2019-10-09]