10 қазаннан бастап Түркістан облысының атқарушы органының Қаржы министрлігінің KZMJ00000552 (TKK024_055) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

09.10.19 17:28
/KASE, 09.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 10 қазаннан бастап Түркістан облысының атқарушы органының KZMJ00000552 халықаралық облигациялары (1 000 теңге, 5 628 000 000,00 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигацилардың рұқсаттама бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Облигацияларға TKK024_055 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылған. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта жарияланды. [2019-10-09]