"Халық" Сақтандыру компаниясы" АҚ акционерлері құқық кепілдігі туралы қосымша келісім жасау туралы шешім қабылдады

08.10.19 16:01
/KASE, 08.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Халық" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Халық" Сақтандыру компаниясы" АҚ), Қазақстан қор биржасына акционерлердің 2019 жылдың 27 қыркүйегіндегі кезектен тыс шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер сонымен қатар келесі шешімдерді қабылдады: - "СК "Казкоммерц-Полис" және China Development Bank Corporation арасында 2017 жылдың 02 қазанында жасалған құқық кепілдігі келісіміне қосымша келісім жасау; - Компанияның директорлар кеңесі туралы ережеге қосымша бекітілсін. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/KZIS/kzis_special_shareholders_meeting_results_270919_3183.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-10-08]