KASE Директорлар кеңесі "Биржаның бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысындағы техникалық жаңылыстар болған кезде сұрақтарды шешу ережелері" атты жаңа ішкі құжатын бекітті

07.10.19 12:46
/KASE, 07.10.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің2019 жылдың 04 қазанындағы шешімімен "Биржаның бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысындағы техникалық жаңылыстар болған кезде сұрақтарды шешу ережелері" (Ережелер) атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді. Ережелердің қолданысқа енгізілетін күні қосымша хабарланады. Ережелер жоспарланған ASTS+ сауда-клирингілік жүйесін іске қосылуы, Биржаның клирингілік қызметті жүзеге асыруы және қор нарығында орталық контрагентпен жасалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуына байланысты әзірленді. Ережелер техникалық жаңылыстардың түрлерін анықтап, Биржаның оларды реттеу бойынша қолданатын шараларын, техниклақы жаңылыстар кезінде баға белгілеулерді (өтінімдерді) енгізу/жою процедуралары, сондай-ақ KASE сауда-саттыққа қатысушыларының алдындағы жжауапкершілігін анықтайды. Ережелердің қолданысқа енгізілген күнінен бастап Биржаның сауда-саттық жүйесінің жұмысындағы техникалық жаңылыстар кезінде сұрақтарды шешу ережелері өз күшін жоғалтты деп саналады. Ережелер жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-10-07]