KASE Директорлар кеңесі Банктік операцияларды жүзеге асыру ережелеріне енгізілген түзетулерді бекітті

07.10.19 12:33
/KASE, 07.10.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 04 қазанындағы шешімімен "Банктік операцияларды жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 2 өзгертулер мен толықтыруларды бекітті. Түзетулердің қолданысқа енгізілетін күні қосымша хабарланады. Аталмыш түзетулер, орталық контрагентті құру және ASTS+ клирингілік сауда-клирингілік жүйесін енгізу жоспарына байланысты, KASE қор нарығында орталық контрагентпен жасалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуларды ұйымдастыру мақсатында енгізілді. Қор нарығында орталық контрагент іске қосылған сәттен бастап Биржа ақшалар бойынша талаптар мен міндеттемелерді орындау бөлігінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша ақшалай есеп айырысуға кіріседі. Осы нарықта жасалған мәмілелер бойынша теңгемен және шетел валютасымен есеп айырысуларды Биржа өзі жүзеге асырады, соның ішінде Биржаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде" АҚ корреспонденттік шоттарынан екінші деңгейдегі банктердегі және "Орталық депозитарий" АҚ клирингілік қатысушылардың шоттарына аударым операциялары жүзеге асырылады. Ережелердің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында жарияланады. [2019-10-07]