04 қазаннан бастап "Қазақстан Даму банкі" АҚ KZ2C00006286 (BRKZb17) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

04.10.19 17:40
/KASE, 04.10.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 04 қазанындағы шешімімен "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006153 облигацияларының KZ2C00006286 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 20 жыл, жарты жылдық купон, жылдық 0,15 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 04 қазанынан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға BRKZb17 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары) берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/BRKZ/ мекен-жайында жарияланады. [2019-10-04]