"Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

04.10.19 09:30
/KASE, 04.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00000900 жай акцияларының жалпы саны 18 000 000 дана; - банктің 12 839 114 жай акциялары орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Сбербанк России" КАҚ (Мәскеу) болып табылады, оның меншігінде 12 838 826 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 100,00%) бар. [2019-10-04]