"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі өзінің акциялары бойынша 2018 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

26.09.19 16:00
/KASE, 26.09.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі (Алматы), 2019 жылдың 25 қыркүйегінде өзінің жай акциялары бойынша 2018 жылға, бір акцияға 243 623,00 теңгеден, дивиденд төлегені туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген дивиденд сомасы 8 500 006 470,00 теңгені құрады. Жай акцияларды ұстаушылардың тізілімі 2019 жылдың 24 қыркүйегі 00:00 сағаттағы жағдай бойынша тиянақталды. [2019-09-26]