"Самұрық-Энерго" АҚ Алматы облысында күн электрстанциясының құрылысы аяқталғаны туралы хабарлады

25.09.19 11:55
/KASE, 25.09.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Биржаға жолдаған хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитатаның басы Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының (КЭС) құрылысы аяқталды. Станция "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілеріне қосылған, таяу арада "ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС-ға электр энергиясын босатуды бастайды. Жобаны "Samruk-Green Energy" ЖШС – қазақстандық электр энергетикалық холдинг "Самұрық-Энергоның" құрамындағы компания іске асырды. Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталды. Жоба Қапшағай қаласында жұмыс істеп тұрған, қуаты 2 МВт күн электр станциясы инфрақұрылымының базасында жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, 2 МВт КЭС 2013 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріліп, сол кезде Қазақстан Республикасындағы өндірістік ауқымдағы алғашқы күн электр станциясы болатын. 2 МВт КЭС Еуропада жасалған 7995 фотоэлектрлі модульден тұрады. Станцияның ерекшелігі – мұнда трекерлік (күннің бағыты бойынша қозғалатын) қондырғылар пайдаланылады. Іске қосылғалы бері 2 МВт КЭС 16 млн. кВт*сағ. электр энергиясын өндірді. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды: - http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_250919_kz.pdf – қазақ тілінде; - http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_250619.pdf – орыс тілінде. [2019-09-25]