23 қыркүйектен бастап "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ KZ2С00006187 (ORPTb2) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

23.09.19 16:57
/KASE, 23.08.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 19 қыркүйегіндегі шешімімен "Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2С00006187 облигацияларының (1 000 тенге, 3,0 млрд тенге; 7 жыл, жылдық 10,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 23 қыркүйектен бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға ORPTb2 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары) берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/ORPT/ мекен-жайында жарияланады. [2019-09-23]