18 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің XS0088543193 (RU_01_2806) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

18.09.19 15:21
/KASE, 18.09.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің XS0088543193 халықаралық облигациялары ($1 000, $2 2,5 млрд; 24.06.1998 – 24.06.2028; жылдық 12,75 % жарты жылдық купон; actual/actual) KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигацилардың рұқсаттама бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Облигацияларға RU_01_2806 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш акциялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта жарияланды. [2019-09-18]