"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің Қазақстандағы бөлімшелерінің саны артты

17.09.19 15:24
/KASE, 17.09.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2019 жылдың 17 қыркүйегіндегі баспасө мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы 2019 жылғы қыркүйектен бастап Сбербанк Қазақстан бөлімшелерінің саны екіге артты, енді қаржы институтының клиенттерге қызмет көрсететін орындарының саны 99 құрылымдық бөлімшені құрайды. Жаңа бөлімшелер Атырау мен Теміртау қалаларында ашылды. 2019 жылғы 6 қыркүйекте Сбербанк Қазақстан өнеркәсіптік қала Теміртауда "На металлургов" жаңа қосымша кеңесінің ашылуы арқасында бөлімшелер желісінің кеңеюін атап өтті. Қазіргі таңда қалада банктің екі бөлімшесі жұмыс істейді. "Теміртау Қазақстанның өнеркәсіптік және индустриалды орталығы болып табылады және сәйкесінше филиал үшін маркетплэйс ретінде аса тартымды. Біздің басты міндетіміз - клиент банкке бір рет келген соң, бізге қайта үздіксіз оралғысы келетіндей жағдай жасау, бұл тек физикалық түрде ғана емес, қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы да. Сондықтан, біз теміртаулықтарға қызмет көрсету үшін ең қолайлы жағдайларды жасауға барымызды салдық. Бөлімшенің артықышылқтарының бірі әмбебап менеджер, ол жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қызмет көрсетеді", - дейді "Сбербанк" АҚ ЕБ Қарағанды қ. филиалының директоры Роман Гончаров. "На металлургов" жаңа құрылымдық бөлімшесі келесі мекенжайда: Теміртау қаласы, 7 шағын аудан, 2-а үй. 2019 жылғы 12 қыркүйекте Атырау қаласында №11 "На Махамбета" ФҚБ салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрылымдық бөлімшенің алғашқы жұмыс күні банк клиенттеріжаңа кеңсенің ыңғайлы жерде орналасқанын атап өтіп, есептік-кассалық қызмет көрсету, айырбастау және аударым операциялары, тұтунышылық кредиттерді рәсімдеу,салымдарды қабылдау, банктік карталарға қызмет көрсету және өзге де банктік қызметтерге лайықты бағасын бере алды. Сонымен қатар, бөлімшенің жаңа қызметкерлері жаңа алғашқы картаны қаншалықты тез уақытта шығаруға болатынын үлгі ретінде көрсету үшін қонақтарға мини-эмбоссер ұсынылды. "На Махамбета" жаңа құрылымдық бөлімшесі "Smart" форматында ашылды". Ол клиенттермен өзара әрекеттестік деңгейін көтеру және қызмет көрсету сапасының жаңа стандарттарын енгізу бойынша банк жоспарларына толығымен сай болатындай жабдықталып, жобаланған. Біз үшін әр клиент маңңызды, сондықтан біздің қызметкерлердің міндеті сапалы банктік қызмет ұсынуда жоғары деңгейді сақтап тұру", - деді "Сбербанк" АҚ ЕБ Атырау қ. филиалының директоры Айгуль Ергалиева. Сбербанктің жаңа "На Махамбета" қосымша кеңесіне келесі мекенжай бойынша келе аласыздар: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы даңғылы, 125-б үй. цитатаның соңы [2019-09-17]