"Коммеск-Өмiр" сақтандыру компаниясы" АҚ еншілес сақтандыру ұйымын құру туралы шешім қабылдады

04.09.19 15:44
/KASE, 04.09.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Коммеск-Өмiр" сақтандыру компаниясы АҚ (Алматы), 2019 жылдың 02 қыркүйегіндегі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының "Коммеск-Өмiр" СК" тиесілі активтерінің бір бөлігін беру арқылы ."өмірді сақтандыру саласында қызметті жүзеге асырушы сақтандыру ұйымы - еншілес заңды тұлғаны құруға қатысу" жөніндегі шешімі туралы Биржаға хабарлады Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/KMSO/kmso_decision_sole_shareholder_020919_4099.pdf жарияланды. [2019-09-04]