"ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-кен металлургиялық концерні" АҚ акционерлері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

02.09.19 12:08
/KASE, 02.09.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-кен металлургиялық концерні" АҚ (Степногорск) жалғыз акционерінің 2019 жылдың 26 тамызындағы шешімдері туралы хабарлады: - компанияның 2018 жылға қаржылық есебі бекітілсін; - компанияның 2018 жылға таза табысының болмауынан компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін, қоғамның 2018 жылға жиынтық табысы 20 224 551 000 теңге компанияны қаржыландыруға жұмсалсын; Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/KZAL/kzal_annual_shareholders_meeting_results_260819_1872.pdf [2019-09-02]