АНОНС: 05 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ЭМИТЕНТ КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТЕДІ

03.09.19, 09:58
/KASE, 03.09.19, 27.08.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) 2019 жылдың 05 қыркүйегінде KASE "Эмитент күні" іс- шарасы шегінде "KEGOC" АҚ (Астана) жетекшілігінің инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесу болып өтетіні туралы хабарлайды. Іс-шараның басталуы – алматылық уақытпен сағат 11:00-де, өткізілетін орны: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" КФК солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE пресс-румы. Кездесуде "KEGOC" АҚ өкілдері акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қарсаңында іс-шараға қатысушыларды компанияның 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысымен таныстырады, операциялық және қаржылық көрсеткіштерін ұсынады, жүзеге аыруды жоспарлаған жобалары туралы ақпарат береді. Кездесу интерактивті түрде өтеді, қатысушылар компанияның даму стартегиясының маңызды мәселелеріне, компанияның кірісін арттыру және "KEGOC" АҚ инвестициясына сенімділігін арттыру жөніндегі сұрақтарға жауап ала алады. Осы іс-шараға қатысу үшін 2019 жылдың 04 қыркүйегіне дейін customers@kase.kz электронды мекен-жайына қатысушы туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, электронды поштасының мекен-жайы) көрсетілуі тиіс. "KEGOC" АҚ акционерлері брокерлерге қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. Биржа "Эмитент күні" іс-шарасын тұрақты түрде өткізеді. Осындай іс- шаралардың мақсаты Биржада саудаланатын бағалы қағаздарға инвесторлар тарапынан қызығушылықты арттыру, сондай-ақ компания акционерлерімен кері байланысты орнату болып табылады. [2019-09-03]