"First Heartland Jýsan Bank" АҚ және "First Heartland Bank" АҚ бірігуді табысты аяқтады

02.09.19 15:59
/KASE, 02.09.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 02 қыркүйегінде төмендегі туралы биржаға хабарлады: цитата басы Jýsan Bank және First Heartland Bank бірігу барысы сәтті аяқталды. Осының нәтижесінде First Heartland Jýsan Bank біріккен банкінің активтер көлемі 1,264 трлн теңгені құрады. Біріктіру барысы аясында банктің жарғылық капиталы 14%-ға - 144 млрд теңгеге дейін ұлғайып, несие қоржыны 620 млрд теңгеден асты. «Біріккен банк First Heartland Bank-тың корпоративтік клиенттік базасы және Jýsan Bankтың дамыған өнімдер желісі есебінен бәсекеге қабілетті қызметтер мен сервистерді ұсынатын болады. Бірін-бірі толықтырып отырған осы екі бизнестің шоғырландырылуы банктік қызмет көрсету саласындағы көшбасшы орынды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бермек», - деп атап өтті «First Heartland Jýsan Bank» АҚ басқарма төрағасы Бекжан Пірматов. Басшының айтуынша, екі банктің бірігуі жаңа бизнес стратегия аясында жоспарланды. Аталмыш стратегия клиенттердің сенімін қайтару және қазақстандықтарға ең үздік қаржылық құралдар мен сервисті ұсынуға бағытталған. «Jýsan Bank қазірдің өзінде бірнеше көрсеткіштер бойынша үлкен өтемпаздық қоры бар сенімді банк болып табылады. Бұған дейін жаһандық банктердің бір бөлігі ретінде халықаралық деңгейдегі сервистерді ұсыну жағынан бай тәжірибені мирас етіп алған First Heartland Bank-пен бірігу Jýsan Bank-тың Қазақстан қаржылық нарығындағы орнын одан бетер нығайта түспек», - деп бөлісті «First Heartland Jýsan Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Толғанай Ботақанова. цитата соңы Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_reliz_020919_1.pdf мекен-жайында орналасқан. [2019-09-02]