/ҚАЙТАЛАУ/ KASE TELEGRAM ҚОСЫМШАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ АРНАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

02.09.19, 15:39
/KASE, 02.09.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Telegram – @KASEInfoBot. қосымшасында ресми ақпараттық арнасында бағалы қағаздар нарығы туралы ақпаратпен толықтырылғаны туралы хабарлайды. Сонымен, қазіргі уақытта арнада Қазақстан қор биржасындағы шет елдік валюталар мен бағалы қағаздармен сауда-саттық туралы ақпарат биржалық ақпарат көздеріне қосымша болып табылады. Ақпараттық арнаға @KASEInfoBot жазылған қолданушы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық барысы туралы ыңғайлы әрі ықшам форматта жедел ақпарат алып отырады. Арна үнемі даму үстінде, таяуда Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру туралы бөлім, дивидендтер және басқа мәліметтер туралы бөлім болмақшы. Сервис орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылады. Болашақта ақылы нұсқасы болуы да мүмкін. KASE барлық ниет білдірушілерді @KASEInfoBot. ақпараттық арнасына қосылуға шақырады. * * * Қазақстан қор биржасында шет ел валютасы бағамы туралы ақпарат алу үшін қолданушы бір түймені басу арқылы @KASEInfoBot сұраным жібереді, аз уақыт ішінде ол Қазақстан қор биржасындағы таңдалған валюта бойынша соңғы мәміленің бағасы туралы және соңғы орташа сараланған бағам туралы ақпарат алады. Қолданушылар өздерінің ескертулері мен тілектерін арнайы құылған қолдау тобында https://t.me/kasebotsupport. мекен-жайында қалдыра алады. Telegram-ды IOS үшін Appstore, Android үшін Playmarket – тен еркін көшіруге болады. Telegram ресми интернет-сайтында бағдарламаның үстелдегі нұсқасын Windows, MacOS немесе интернет-браузеріне көшіруге мүмкіндік бар. [2019-09-02]