"Еуразиялық банк" АҚ жалғыз акционері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітужәне жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

29.08.19 11:47
/KASE, 29.08.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 27 тамызындағы шешімдері туралы хабарлады: - Банктің 2018 жылға "KPMG" аудиторлық компаниясы бекіткен шоғырландырылған және жылдық қаржылық есептілігін; - банктің 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін; - банктің 2018 қаржы жылына жай акциялары бойынша дивидендтері төленбесін; - 2018 жылға 11 074 479 000 теңге көлеміндегі таза табысы банктің иелігінде қалдырылсын, 2018 жылдың қорытындысы бойынша банктің жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін; - Акционердің банктің және оның лауазымды тұлғаларынң әс-әрекетіне шағымдары жоқ екендігі назарға алынсын; - Банктің атқарушы органының және Директорлар кеңесі мүшелерінің 2018 жылға сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын; - Директорлар кеңесі туралы қағида жаңа редакцияда бекітілсін. Аталмыш ақпаратпен – http://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_decision_sole_shareholder_270819_8914.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-08-29]