/KASE, 29.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және
бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен 2019 жылдың 01
қыркүйегінен бастап, KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу
әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, "Самұрық-Энерго" АҚ
KZ2C00003986 (SNRGb2) облигацияларын KASE_BM* сериялы
индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімінен 2019 жылдың 02
қыркүйегінен бастап, маркет-мейкері болмауына байланысты өкілеттік
тізімнен шығарды:
Әдістемеге сәйкес қандай да бір атаудың облигацияларының KASE_BM*
сериялы өкілетті тізімінде орналастырудағы негізгі өлшемі маркет-мейкердің
болуы болып табылады.
KASE_BM* сериялы индикаторлар негізгі алаңы тізіміне енгізу үшін жаңа
облигациялары жоқ.
Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын
есептеуге арналған өкілеттік тізімін қайта қарастырады:
1) негізгі алаң (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағасы индексі және
KASE_BMY кірістілік индикаторы;
2) балама алаңы (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағасы индексі
және кірістілік индикаторы KASE_BAY кірістілік индикаторы.
2019 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE_BM* сериялы
индикаторларының өкілеттік тізімі 33 атаудағы облигациядан тұрады.
KASE_BA* сериялы индикаторларының тізіміне енгізу үшін балама алаңның
облигациялары жоқ.
2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап, KASE_BA* сериялы индикаторларын
есептеуге арналған аталмыш индикаторлар болмағандықтан,
индикаторларды есептеу тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес
корпоративтік облигациялардың жалпы саны кем дегенде төрт индикатордан
тұруы тиіс.
Аталмыш тізім KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен-жайында
жаряланған.
Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында
жаряланған.
[2019-08-29]