/KASE, 28.08.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 28 тамызындағы
шешімімен "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Нұр-Сұлтан)
KZ2C00006203 (1 000 тенге, 25,0 млрд тенге; 10 жыл, жарты жылдық купон,
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады;
30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының
"облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 28 тамыздан бастап,
эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2
қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына
байланысты, өз күшіне енді.
Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы
туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигацияларға BTRKb3 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары)
берілді.
Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-
сайтында жуырдағы уақытта
http://kase.kz/ru/issuers/BTRK/ мекен-жайында
жарияланады.
[2019-08-28]