29 тамызда Қазақстан қор биржасында "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ 25,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

28.08.19 18:14
/KASE, 28.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 29 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006203 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb3) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ---------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: қамтамасыз етусіз купондық облигациялар ISIN KZ2C00006203 Сауда-саттық коды BTRKb3 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: тіркелген 25 000 000 000 орналастырылған – Айналыста болудың алғашқы күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукционды өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 10 жыл Купон мөлшерлемесі облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы аукционды орналастыру қорытындысы бойынша Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купондық төлеуді басталуы: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------ --------------------------- Сауда-саттық күні: 29.08.19 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 25 000 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 12:00–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 12:00–13:00 Кесім уақыты: 13:30 (Т+0) Төлем уақыты: 29.08.19, 13:30 Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша, Биржаның қарсылама өтінімдерді қабылдау уақытымен Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "SkyBridge Invest" (Алматы) ---------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен- жайында жарияланған. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. [2019-08-28]