"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ KZ2C00000453 (TXBNb5) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

26.08.19 10:56
/KASE, 26.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 26 тамызынан бастап "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZ2C00000453 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TXBNb5; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 26.08.10 – 26.08.19; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон,соңғы купондық кезеңге жылдық 6,30 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен айналым мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" секторына 2010 жылдың 02 қарашасынан бастап , 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттықтары 2010 жылдың 25 қарашасынан бастап ашылған. [2019-08-26]