"АТФБанк" АҚ акционерлері банктің 2018 жылға таза табысын өткен жылдардағы бөлінбеген зиянды азайтуға жұмсауға шешім қабылдады

23.08.19 17:27
/KASE, 23.08.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2019 жылдың 22 тамызындағы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер, келесі шешімдерді қабылдады: - банктің 2018 жылға аудиттелген қаржылық (жылдық) есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту; - банктің 2018 жылға таза табысын өткен жылдың бөлінбеген зиянын азайтуға жұмсауға; - банктің 2018 қаржылық жылға жай акциялары бойынша дивидендін төлемеуге; - банктің 2019, 2020 және 2021 жылдарға аудит жүргізетін қаржылық ұйымы ретінде "КПМГ Аудит" ЖШС анықтау туралы. Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы тоғыз мәселе бойынша күн тәртібі бекітілді. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_annual_shareholders_meeting_results_220819_7060.pdf [2019-08-23]