23 тамыздан бастап "Холдинг КАЗЭКСПОРТАСТЫК" ЖШС KZ2C00001634 (KASTb3) облигацияларының Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

22.08.19 15:14
/KASE, 22.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 23 тамыздан бастап "Холдинг КАЗЭКСПОРТАСТЫК" ЖШС (Нұр-Сұлтан) KZ2C00001634 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" алаңы, KASTb3) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады. Осы шешім 2019 жылдың 23 тамызында болып өткен аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында осы облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілетін өзгертулерді бекіту туралы шешім қабылдауға байланысты қабылданды. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтары KASE аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген тиісті өзгертулерді алып, "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ есепке алу жүйесінде олардың орналастырылуы мен айналыста болуын растауын алған күннен кейінгі келесі жұмыс күні қайта басталады. KASE Басқармасының осы шешімімен аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы болмаған және/немесе аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді енгізу бойынша шешім қабылданбаған жағдайда, осы облигациялардың сауда-саттықтары "Холдинг КАЗЭКСПОРТАСТЫК" ЖШС тиісті ескертпесін алған күннен кейінгі келесі жұмыс күні қайта басталатыны белгіленді. Осы тақырып бойынша 2019 жылдың 05 тамызында KASE жаңалығы жарияланды "2019 жылдың 23 тамызындағы "Холдинг КАЗЭКСПОРТАСТЫК" ЖШС KZ2C00001634 (KASTb3) облигацияларын ұстаушыларының жалпы жиналысы болып өтеді" – http://kase.kz/ru/news/show/1410210/ [2019-08-22]