"Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ 2019 жылдың бірінші тоқсанына өзінің шоғырландырылған өндірістік және қаржылық есебі туралы хабарлады

22.08.19 15:07
/KASE, 22.08.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (Нұр-Султан) Қазақстан қор биржасына келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Қазақстанның вертикалды-интеграцияланған мұнай газ компаниясы "Қазмұнайгаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ (әрі қарай – "КМГ", "Компания"), 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына қаржылық есептілігіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық және операциялық нәтижелерін жариялады. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына өндірістік көрсеткіштер: - Мұнай және газ конденсатының өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% өсіп, 11 704 мың тоннаны құрады (тәулігіне 484 мың баррель); - Табиғи және жол жөнекей газды өндіру өткен жылдың есептік кзеңімен салыстырғанда 0,9% артты, 4 160 млн м³ құрады; - Мұнай тасымалдау көлемі 38 949 мың тоннаны құрады, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 5,0% артты; цитата соңы Баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасы – http://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_220819_2.pdf мекен-жайында. [2019-08-22]