"Банк ЦентрКредит" АҚ өзінің KZ2C00004158 (KZ2C00004158, CCBNb30) облигациялары бойынша үшінші купонын төлегені туралы хабарлады

21.08.19 12:01
/KASE, 21.08.19/ - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) 2019 жылдың 20 тамызында өзінің KZ2C00004158 (KZ2C00004158, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, CCBNb30) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 600 000 000,00 теңгені құрады. [2019-08-21]