"Шұбарколь Премиум" АҚ 2019 жылдың 12 қыркүйегінде сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізеді

20.08.19 15:06
/KASE, 20.08.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбарколь Премиум" АҚ (Қарағанды), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 10:00 акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - жиналыстың күн тәртібін бекіту; - Директорлар кеңесінің мүшесінің, компанияның тәуелсіз директорының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы; - Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы және Директорлар кеңесінң жаңа құрамда бекіту туралы. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/SHUP/shup_special_shareholders_meeting_info_120919_1009.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-08-20]