"Байтерек девелопмент" АҚ 2018 жылға жай акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады

20.08.19 14:55
/KASE, 20.08.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Байтерек девелопмент" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 16 тамызында 2018 жылға жай акциялары бойынша бір акцияға 47,64 теңгеден жалпы сомасы 3 336 713 603,52 теңге дивиденд төлегені туралы хабарлады. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/BTDV/btdv_dividends_160819_1844.pdf [2019-08-20]