"Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ мен «Даму» қоры кәсіпкерлерге ЭЦҚ көмегімен шарттарға онлайн қол қоюды ұсынғаны туралы хабарлады

19.08.19 18:20
/KASE, 19.08.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 19 тамызында келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы ҚР Үкіметі тарапынан өткізіліп жатқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «Сбербанк» АҚ ЕБ «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Субсидиялау шарттарына қол қою процедурасын жеңілдету және осы процедураны электрондық сервистерге көшіру ұсынысын қолдады. «Сбербанк» Қазақстанның қаржы институттарының арасынан бірінші болып өз клиенттеріне жаңа қызметті, атап айтқанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы «Даму» КДҚ» АҚ-мен жасалатын Субсидиялау шарттарына онлайн қол қоюды ұсынды. Осы жаңа қызметтің арқасында, банкпен ынтымақтастық орнататын кәсіпкерлерге бұдан былай қажетті құжаттарға қол қою үшін банк бөлімшелеріне жеке келудің қажеті жоқ. «Сбербанк Қазақстан өзінің сервисін жақсарту үшін үнемі жұмыстар атқарып отырады және өз қызметтерін онлайн сервистер арқылы ұсынуға аса көңіл бөледі. Осы тұрғыдан, құжаттарға қол қою немесе ЭЦҚ-ны қолдану технологиясын қазіргі қоғам өмірінің ақпараттарды беруге, өңдеуге және қызметтерді алуға байланысты барлық салаларына енгізу перспективалары кең, бұл біздің серіктестеріміздің уақыты мен шығындарын едәуір үнемдейді. Субсидиялау шарттарына онлайн қол қою қызметтерін енгізудің арқасында бүкіл тараптардың қол қою мерзімдері 30 күннен 2-3 күнге дейін қысқарды, бұл біздің клиенттеріміздің банкпен де, «Даму» қорымен де өзара әрекеттестік орнатуын айтарлықтай жеңілдетеді», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ельдар Тенизбаев. цитата соңы [2019-08-05]