13 тамыздан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00006161 (AGKKb12) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

19.08.19 15:49
/KASE, 19.08.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 15 тамызындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00006161 (1 000 теңге, 70,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 19 тамыздан бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға AGKKb12 қысқарған белгісі (сауда-саттық кодтары) берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/AGKKb12 мекен- жайында жарияланады. [2019-08-19]