19 тамыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының KZMJ00000545 (VKK024_054) блигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

16.08.19 17:13
/KASE, 16.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 16 тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысының KZMJ00000545 (1 000 теңге, 1 772 610 000,00 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталмыш облигацияларға VKK024_054 қысқартылған белгісі (сауда-саттық код) берілді. Бұл облигациялар мемлекеттік және үкімет бағдарламаларын жүзеге асыру шегінде тұрғын үйі құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылған. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-08-16]