16 тамыздан бастапп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS1901718335 облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

16.08.19 17:11
/KASE, 16.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 16 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің XS1901718335 (525,0 млн евро, 09.11.18 – 09.11.28; жарты жылдық купон, жылдық 5,125 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталмыш облигацияларға KZ_10_2811 қысқартылған белгісі (сауда-саттық код) берілді. Бұл облигациялар мемлекеттік және үкімет бағдарламаларын жүзеге асыру шегінде тұрғын үйі құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылған. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-08-16]