20 тамызда Қазақстан қор биржасында Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының 1 206 155 KZMJ00000487 (KOK024_048) облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

16.08.19 16:51
/KASE, 16.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2019 жылдың 20 тамызында Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік облигацияларын төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының борыштық бағалы қағаздары Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZMJ00000487 KASE сауда-саттық коды: KOK024_048 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 5 206 155 000 – орналастырылған: 4 000 000 000 Айналыста болудың алғашқы күні: 10.04.19 Айналыста болудың соңғы күні: 10.04.21 Өтеудің басталу күні 10.04.21 Айналыста болу мерзімі: 2 жыл (720 күн) Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купон мөлшерлемесі жылдық 0,35 % Купондық төлеуді басталуы: 1 10.10.19 2 10.04.20 3 10.10.20 4 10.04.21 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------ ----------------------- Сауда-саттық күні: 20.08.19 Өтеуге дейінгі мерзім: 1,6 жыл (590 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 1 206 155 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 20.08.19, 15:00 (Т+0) Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Биржа қарсылама өтінімдер қабылдаған уақыт бойынша кесімдеу бағасымен Сауда-саттық жүйесі секторы MBonds_ST Сауда-саттық жүйесі тобы MS_Bonds_024 ------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Республикалық дәрежедегі қаланың, астананың жергілікті биліктің атқарушы органымен ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздарды шығару ережелері http://kase.kz/files/mix/post_1520.pdf мекен-жайында жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағиданың мәтіні http://kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/gsecs/show/KOK024_048/ мекен-жайында жарияланған. [2019-08-16]