Қазақстан қор биржасында 16 тамызынан бастап "Novacom Corporation" ЖШС KZ2D00005949 (NCOMb1) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады

16.08.19 12:22
/KASE,16.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының шешімімен 2019 жылдың 16 тамызынан бастап, Қазақстан қор биржасында "Novacom Corporation" ЖШС (Алматы) KZ2D00005949 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NCOMb1) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында KASE Басқармасының шешіміне сәйкес, 2019 жылдың 29 шілдесінен бастап, 2019 жылдың 31 шілдесінде аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жиналысы өтуіне байланысты тоқтатылды. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық 2019 жылдың 12 тамызда облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысындағы қабылданған және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуіне байланысты жаңартылды. Берілген өзгертулер мен толықтырулармен, 2019 жылдың 18 шілдесіндегі төлеуге жататын купондық сыйақы төлеу мерзімі 2019 жылдың 25 тамызы болып табылады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ 2019 жылдың 15 тамызындағы хатымен оның есепке алу жүйесінде аталмыш облигациялар бойынша операцияларды тіркеу жаңартылды. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/NCOM/ncomf9_NCOMb1_izm_120819.pdf жарияланды. Бұрын осы тақырыпта 2019 жылдың 29 шілдесіндегі KASE жаңалығы "Novacom Corporation" ЖШС KZ2D00005949 (NCOMb1) облигацияларымен сауда-саттық 31 шілдесінен бастап тоқтатылды" атты жаңалығы жарияланған – http://kase.kz/ru/news/show/1409410/ [2019-08-16]